Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Аула күтіміне ерекше көңіл бөлінуде

AstanaTV
25.04.2024ж. 20:00
242
Аула күтіміне ерекше көңіл бөлінуде

77 жастағы елорда тұрғыны аула күтіміне ерекше мән береді. 2018 жылдан бері үй айналасындағы шағын бақшасында өсімдік ,гүл атаулының түр-түрін өсіріп жүр. Сондай-ақ тазалық жұмыстарына да жауапкершілікпен қарайды. Қала тұрғынының бұл игі ісінен көршілері де үлгі алуда.

Галина Ваховская Аула көркін одан әрі айшықтайтын түрлі безендірулер енгізіп,көктем келе сала ағаш егумен айналысады. Бағбандық өнерімен қатар жазық жерді жасыл баққа айналдыру - еңбек иесінің сүйікті ісі.

Галина ВАХОВСКАЯ, ЗЕЙНЕТКЕР:

Бұл жұмыс маған ұнайды. Көшеттерді өзіміз егеміз. Гүлдер егеміз. Көбінесе оларды сатып аламыз. Ең бастысы ауламыздың сұлулығы. Таңертең ерте тұрып гүлдерді суарамын бұл мен үшін таңғы жаттығу іспеттес.

Жаз шыға жасыл желекке көмкерілген гүлзарлар мен бау-бақшада жайқалып өскен гүлдерге өткен - кеткен сүйсініп қарайды. Олар көздің жауын алады. Күн жылынғалы тұрғындар аумақты тазалауға кіріскен.

Светлана ВОЗНЯК, ЗЕЙНЕТКЕР:

Өте әдемі болады. Бәрін орналастыруды енді ғана бастап жатыр. Алты жыл отырғызып келемін. Бізде бәрі әдемі болу үшін тырысып жатырмыз, Раушан , Қызғалдақ Хризантэма, түймедақ гүлдерін де егеміз. 6 жыл осында тұрамын. Зейнеткерміз, бізде уақыт көп, ең бастысы көз қуанышы.

Көршілер арасында бұл кішігірім эстафетаға айналған. Олар төңіректі гүлдендіріп, ағаш отырғызу жұмыстарын жүйелі түрде бастап жатыр.

Елена БРАНИСЛАВОВНА, ЗЕЙНЕТКЕР:

10 жылдан бері гүл егемін. Бәрін өз қаражатымызбен сатып аламыз .Тек мен ғана емес көршілерім де айналысады.Зейнеткер болсақ та үй ауламыздың көгалданып тұрғанын қалаймыз Тұқымды, құнарлы топырақты өзіміз сатып аламыз.

Тазалыққа ерекше көңіл бөлген өзге де қала тұрғындары ауқымды еңбекте белсенділік танытуда. Осы мақсатта "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акция аясында жүріп жатқан шара барысында үздіктер марапатқа ие болды.