Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ұшақ құлады

AstanaTV
03.05.2024ж. 20:04
505
Ұшақ құлады

 2024 жылғы 3 мамыр күні сағат 09.00-ден 04 минут кеткенде медициналық авиацияның электронды поштасына миокард инфарктісі диагнозымен 1964 жылы туған пациентті тасымалдауға арналған өтінім келіп түсті.

Науқасты «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК-на тасымалдау мақсатында 16.00 сағат 09 минутты көрсеткенде құрамында екі ұшқышы, дәрігер мен фельдшері бар санитарлық авиация бригадасы Арқалық қаласы бағытында ұшты.

Болжамды себебі бойынша ұшып көтерілу кезінде екпінді желдің салдарынан санавиация борты аударылды.

Пациент жарақаттарсыз және жағдайы қалыпты күйде "Арқалық өңірлік ауруханасы" КМК-на жеткізілді, аурухана жағдайында ем алып жатыр.

Сонымен қатар, жарақаттары және зақымдаулары жоқ санитарлық авиация бригадасы аурухананың медициналық персоналдың қадағалауында және бақылауында.

«АК НАВИГАТОР» ЖШС-мен медициналық авиация желісі бойынша авиациялық қызметтерді сатып алуға арналған шартқа отырғандығын қосымша хабарлаймыз,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.